Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Облыс әкімінің атаулы стипендиясына құжаттар қабылданады

Облыс әкімінің атаулы стипендиясына құжаттар қабылданады

Облыс әкімінің атаулы стипендиясына құжаттарды оқу орындарында күндізгі бөлімде ақылы негізде оқитын оқу үлгерімі жақсы және облыстың қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысатын талантты және дарынды студенттер, сонымен бірге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер тапсыра алады. Бірақ бұл стипендияға бірінші және соңғы курс студенттері, сондай-ақ, бұған дейін аталмыш стипендияның иегері атанған студент үміткер бола алмайды.  Құжаттарды 17 қыркүйекке дейін факультетіңіздің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарына тапсыра аласыздар.

Қажетті құжаттар тізімі: үміткерлердің жеке куәлік көшірмесі, мінездеме, сынақ кітапшасының көшірмесі және үлгерімі туралы транскрипт түпнұсқасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін соңғы 3 жылда алған мадақтаулар көшірмелері (дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар т.б.), әлеуметтік жағдайын нақтылайтын басқа да қосымша құжаттар (жетім, мүгедек, көп балалы және аз қамтылған отбасы).