Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тәуелсіздік құндылықтары дәріптелді

Тәуелсіздік құндылықтары дәріптелді

Биыл Тәуелсіздікке — 30 жыл. Осыған орай, Жұбанов университетінде «Тәуелсіздік және Елбасы тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шарада тәуелсіз мемлекетіміздің даму тарихындағы өзекті мәселелер талқыланды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұртаза Абдуллаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтар, университетіміздің қалыптасуы жайында сөз қозғап, Елбасының тағылымы мол еңбектеріне тоқталды.

Аталған кездесуде студенттер де белсенділік танытты. Болашақ тарихшылар баяндамалар жасады. 4 курс студенті Еламан Нұрланов мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығы жайында ойын білдірді. Ал өз кезегінде Манарбек Есқуатов тәуелсіздік жайында жазған эссесін жиналғандар назарына ұсынды.

Дөңгелек үстелде тәуелсіздіктің тұғырын биік, келешегін кемел ету озық білім мен ғылымды игерген жастардың қолында екендігі айтылды. Сондықтан, ел тарихын жастардың бойына сіңіріп, оларға рухани тәрбие беретін, тәуелсіздікті дәріптейтін шаралардың жиі өткізілуін жиналғандар бірауыздан қолдады.