Ал облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Ләззат Оразбаева жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті.
Онда білім сапасын арттыру, жастарды тәрбиелеу бағытындағы мәселе қаралды. Жас ғалымдар кеңесі мен жастар ісі жөніндегі комитет жұмысы тыңдалды. Сондай-ақ, жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың жайы талқыланды. Әсіресе, білім саласындағы мамандардың тапшылығын болдырмау үшін нақты қадамдар жасалуы керек. Бұл мәселеде кездесуге қатысушылардың пікірі бір арнада тоғысты.