Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әлем ғалымдары бас қосты

Әлем ғалымдары бас қосты

Бүгін Жұбанов университетінде «Қашықтан оқыту жағдайындағы «Дене шынықтыру және спорт»  білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесін іске асыру» тақырыбында  Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өтті.

Семинарда Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің  бейімдік спорт және физикалық оңалту орталығының жетекшісі, профессор Елена Голикова «Дене шынықтыру саласында аралас оқытуға білім беруді интеграциялау жолдарын анықтау» баяндамасын қатысушылар назарына ұсынды. Сондай-ақ,  Орал мемлекеттік дене шынықтыру университетінің  доценті, Ольга Макунина «Қашықтан оқыту жағдайында медициналық-биологиялық блок пәндерін іске асырудың әдістемелік тәсілдері», Алтай мемлекеттік университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының доценті Елена Романова «СПО студенттеріне арналған қашықтан инновациялық жұмыс бағдарламасы» тақыбырындағы баяндамасын оқып, өз ойын ортаға салды.

Семинарда өзге де баяндамашылар оқыту үдерісінде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар ғалымдар  дене шынықтыру пәнін жаңа мазмұнда оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігін ерекше атап өтті.

Семинар қорытындысында қатысушылар ұсыныстары мен ризашылықтарын білдіріп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.