Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Білім > Президент стипендиясын алуға құжаттар қабылдау жалғасуда

Президент стипендиясын алуға құжаттар қабылдау жалғасуда

3-4 курс студенттері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алуға құжаттар қабылдау жалғасуда.

Қажетті құжаттар ( грамоталар, сертификаттар, транскрипт, жеке куәлік көшірмесі) 20 қаңтарға дейін SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы қабылданады.

Стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде де, ақылы негізде де тек «өте жақсы» (А, А -) оқитын күндізгі оқу бөлімінің 3-курс студенттерінен бастап  және екінші оқу жылынан магистранттарға тағайындалады.

Стипендия төмендегідей жетістіктері бар студенттерге тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздарына немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторларына;
2) ғылыми еңбектер жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары болса;
3) жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындарға;
4) білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатын студенттерге.