Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі университетте болды

Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі университетте болды

Бүгін Жұбанов университетіне Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі келді. Ку Хонг-сок университет басшылығымен және студенттермен кездесті.

Ректор Лаура Қарабасова мейманды қарсы ала отырып, жоғары оқу орнындағы білім беруді дамыту перспективалары туралы айтып, IT, инженерия және техникалық бағыттар саласында мамандар даярлау бойынша Кореяның тәжірибесі университетті қызықтыратынын атап өтті.

Университеттің әлемдік білім беру кеңістігіндегі серіктестік қатынастарды дамытуға бағытталған халықаралық қызмет мәселелеріне, атап айтқанда, Жұбанов университеті студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған Тонмен университетімен ынтымақтастық туралы мәселелерге назар аударылды. Болашақта Кореяның жоғары оқу орындарымен қосдипломды білім беру бағдарламасын дамыту жоспарлануда.

Сондай-ақ, делегацияға 2017 жылдан бері Жұбанов университетінде жұмыс істеп келе жатқан корей тілі орталығы туралы айтылды, онда бүгінде 80-ге жуық студент оқиды.

Өз кезегінде, елші Ку Хонг-сок білім және ғылым саласындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығын жылы қарсы алып, дамытуға көңіл бөлгені үшін ризашылығын білдірді.  Ку Хонг-сок осы бағытта бірлескен жұмысты дамытуға дайын екендігін айтты.

Кездесу соңында қонақтар естелік сыйлықтармен алмасты. Басшылықпен ресми кездесуден кейін дипломат студенттермен сұхбаттасып, «Корей түбегіндегі бейбітшілік процесінің көрінісі» тақырыбында Кореяның тарихы мен экономикасы туралы дәріс оқыды.