Среда, Май 8, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ресей ғалымдары дәріс оқиды

Ресей ғалымдары дәріс оқиды

Техникалық факультеттің студенттері мен магистранттары Ресейдің жоғары оқу орындарынан келген ғалымдардың дәрістерін тыңдайды.

Екатеринбург қаласының Ресей Ғылым Академиясы Орал бөлімшесі, Металлургия институтының техника ғылымдарының докторы Олег Заякин мен Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің техника ғылымдарының докторы Сәкен Шерьязов академиялық ұтқырлық бойынша шақырылды.

Онлайн-форматта педагогтар ферроқорытпаларды тұрақты тоқ пештерінде өңдеу, электроэнергетика жүйелерін релелік қорғау және автоматтандыру мәселелері және т.б тақырыптар бойынша тәжірибелерімен және білімдерімен бөліседі.

Айта кету керек, шетелдік ғалымдарды тарту жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша Жұбанов университетінің жұмыс бағыттарының бірі болып табылады.