Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа проректор тағайындалды

Жаңа проректор тағайындалды

Жұбанов университетінің академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор міндетін атқарушы лауазымына Людмила Мясникова тағайындалды.

Университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова жаңа басшыны қызметімен құттықтады.

Людмила Мясникова бұған дейін оқу орнының Ғылым және инновациялар департаменті директоры қызметін атқарған болатын.

Ол физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 2003 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Математика және физика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Физика» мамандығы бойынша магистратурасын, 2007 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының физика кафедрасында оқытушы болып бастады. Әр жылдары физика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика факультетінің деканы, «Материалдардың радиациялық физикасы»ғылыми орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2018 жылдың сәуір айында «Физика»мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Осы жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»атағына ие болды.