Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Ақтөберентген» кәсіпорнымен байланыс артты

«Ақтөберентген» кәсіпорнымен байланыс артты

Бүгін Жұбанов университетінің ұжымы «Ақтөберентген» кәсіпорнында болып, кадр даярлау мәселесіне қатысты келісімге келді.

«Ақтөберентген» — ТМД бойынша медициналық диагностикалық аппарат шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі.

Университет ғалымдары зауыттағы жұмыс барысымен, рентген және өзге де диагностикалық медициналық техниканы даярлау процесімен кеңірек танысты. Қолданылатын технология, өндіріс орындары, бағдарламалық жүйе, алдағы жобалар туралы ақпарат алып, оны оқу процесіне қосу мәселесін қарастырды.

Өткен аптада Жұбанов университеті мен «Ақтөберентген» кәсіпорны ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Ал бүгін сол келісім бойынша қандай нақты шаралар жүзеге асырылатыны туралы келіссөз өтті.
Алғашқы кездесуде екі жақтың өкілдері кадр дайындауда бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сондай-ақ, университет тарапынан Инновациялық технологиялар паркінде зертхана ашу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жоспарлау, оқу орнына зауыттың қызметкерлерін практикалық және зертханалық сабақтар өткізу үшін тарту, дипломдық жобалар мен магистрлік диссертациялар тақырыптарын ұсыну, білім алушылар үшін өндірістік практиканы ұйымдастыру секілді бірқатар ұсыныс айтылды.

Нәтижесінде тараптар кәсіпорынға қандай мамандар қажет екенін анықтап, кадр даярлау бағытында бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.