Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ректор сағаты: Ашық пікір, жылы жүздесу

Ректор сағаты: Ашық пікір, жылы жүздесу

Бүгін «Ректор сағаты» экономика және құқық факультетінде өткізілді.

Университет ректоры Лаура Қарабасова факультеттің 4-курс студенттерімен кездесіп, болашақ заңгерлер мен экономистердің ұсыныстарын, талап-тілектерін тыңдады.

Кездесу барысында университет басшысы студенттердің қажеттіліктері туралы сұрап, білім беру үдерісінде, өндірістік тәжірибеден өту барысында немесе басқа да жастарға қатысты  әлеуметтік, қоғамдық мәселелер бойынша ақсап жатқан тұстарды талқылады.

Студенттер тарапынан академиялық ұтқырлық бағдарламасы, студенттерге қатысты ақпараттардың қолжетімділігін ұйымдастыру, кредиттік оқыту жүйесі, «Академиялық жазу» пәнінің маңыздылығы бойынша сұрақтар қойылды. Сонымен қатар  білім алушылардың өз мамандығына қызығушылығын ояту, қыр-сырын түсіну үшін кәсіби мамандармен кездесуді жиі өткізу, дәріс сағаттарын ұйымдастыру, оқумен қатар өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызу секілді т.б ұсыныстарын жеткізді.

Үздік дипломға үміткерлердің сауалдарына, сондай-ақ, диплом жұмыстарын жазу үлгісі, стипендия т.б  оқу жүйесіне байланысты академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова жан-жақты жауап берді.

Басқосуда еркін сұқбаттасқан білім алушылар университет басшылығына білім деңгейін дамытуға жасалған жаңа мүмкіндіктер, жастардың бастамаларына көрсетілетін қолдау үшін алғысын білдірді.