Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттерге медициналық тексеріс жүргізіледі

Студенттерге медициналық тексеріс жүргізіледі

Жұбанов университетінде білім алушыларға жасалған қамқорлықтың бірі — өз Студенттік емханасының болуы. Студенттік емхана барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Қабылдауды жоғары, бірінші және екінші біліктілік санаттағы тәжірибелі мамандар жүргізеді.

Алда сессия уақыты жақындап қалды. Сонымен қатар 4-курс студенттері өндірістік практикаға жіберіледі. Осыған орай емханада 4-курс студенттерін флюорографиялық және медициналық тексерістен өткізу жұмыстары басталды.

Емхана меңгерушісі Анаргүл Тукееваның айтуынша, 2600-ден астам білім алушының тексерістен өтуі жоспарланып отыр.

— Студенттердің денсаулығын қорғауда аурулардың алдын алу үшін тексерістен өткізудің маңызы өте жоғары. Дегенмен емхананың өзінің ішкі ережелері бар. Студенттерден осы талаптарға бағынуын сұраймыз,- дейді емхана басшысы.

Айта кетейік, емхана қызметі университет студенттеріне тегін негізде көрсетіледі.