Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Магистратураға түсушілер үшін грант конкурсына құжат қабылдау

Магистратураға түсушілер үшін грант конкурсына құжат қабылдау

Кешенді тестілеу тапсырып, шекті балл жинаған магистратураға түсушілердің назарына!

2022 жылғы 6-12 желтоқсан аралығында магистратураға БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА қатысу үшін өтініштер қабылданады.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау Ә.Молдағұлова даңғылы 34 (102 кабинет) жүргізіледі немесе онлайн қабылдау комиссиясы арқылы қатысуға болады:
ID 5243451595
Пароль ZhU005
87785509195

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттарды:

Жеке куәлігінің көшірмесі;
Жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
КТ сертификаты;
075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (оқуға түскен жағдайда ғана жоо-ға ұсынылады);
Шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған кезде) тапсыру қажет.

Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді.

Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 15-25 желтоқсан аралығында өтеді.