Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалым дәріс беруде

Шетелдік ғалым дәріс беруде

Жұбанов университетіне академиялық ұтқырлық аясында Үндістандағы Курукшетра университетінің профессоры, PhD, суретші Ракеш Бани келді.

Профессор екі аптаға жуық уақыт университеттің кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттеріне оффорт және акватинт техникасы бойынша шеберлік класы мен практикалық сабақтар өткізеді. Сонымен қатар  «Графика өнері және оның көркемдік мүмкіндіктері» тақырыбында дәріс оқитын болады.

Сондай-ақ, 21 ақпан күні Студенттер сарайында Ракеш Банидің жеке көрмесінің ашылуы жоспарлануда. Онда суретшінің  26 түрлі-түсті офортты жұмысы және оның шәкірті, графика саласындағы бейнелеу өнері магистрі Ишу Джиндалдың  экспозициясынан 18 түрлі-түсті офортты жұмысы көрсетіледі.