Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалы бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда

Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалы бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда

Жұбанов университетінде Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалы филиалы бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда.
Бүгіннен бастап кәсіби бағдар беру тобы Түркістан, Шымкент, Тараз өңірлерінде 70-ке жуық мектептерді аралап, жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізеді.

Кездесу барысында мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріліп, Ұлыбританияның Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсу мүмкіндіктері, қажетті талаптар түсіндірілетін болады.

Айта кетейік, осыған дейін кәсіби бағдар беру тобы Атырау, Ақтау, Қызылорда, Орал қалаларының мектептерін аралаған болатын.
Қосымша сұрақтар бойынша + 7 776 786 12 85 және + 7 778 550 9195 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.

Университеттің қабылдау және кәсіби бағдар беру бөлімінің мамандары сіздерге түсінбеген сұрақтарыңыз бойынша жан-жақты ақпарат беруге әркез дайын.