Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Спортты дамытудың заманауи мәселелері талқыланды

Спортты дамытудың заманауи мәселелері талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде өткізілген «Дене мәдениеті және спортты дамытудың заманауи мәселелері» тақырыбындағы дәстүрлі VIІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында шетелдік және отандық ғалымдар спортты дамытудың заманауи мәселелерін талқылады.

Конференцияға Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, Орал мемлекеттік дене шынықтыру институты, Тольятин университеті, Ресей мемлекеттік дене шынықтыру университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Гумилев Еуразиялық университеті және тағы да басқа жоғары оқу орындарының ғалымдары онлайн және офлайн форматта қатысты.

Іс-шараның мақсаты — дене шынықтыру мен спорттың заманауи мәселелері бойынша ғылыми-зерттеулер саласындағы бірлескен бағыттарды іздестіру және тәжірибе алмасу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі кезеңде дене шынықтыру сабақтарында және спортшыларды дайындауда оқу-жаттығу процесінде инновациялық технологияларды енгізіп, оны білім беру үдерісінде тиімді қолдану қажет. Сондықтан мұндай шаралар мұғалімдер мен жаттықтырушылар үшін тәжірибе алмасу және ғылыми-зерттеулер саласындағы бірлескен бағыттармен жұмыс жасауда үлкен маңызға ие.

Айта кетейік, конференция аясында Жұбанов университетінің командасы мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің командалары арасында баскетболдан матчтық кездесулер ұйымдастырылды.

Конференцияның жұмысы екі күнге секцияларда жалғасады.