Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет командасы бірінші орынды иеленді

Университет командасы бірінші орынды иеленді

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ұйымдастырылған Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша Жұбанов университетінің командасы бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, бұл аталған мамандықтың Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасындағы төртінші жеңісі. Енді олимпиада шарты бойынша келесі жылы «Арнайы педагогика» бойынша пәндік олимпиада Жұбанов университетінде өткізіледі.

Команда құрамында төрт студент білімдерін сынады. Университет командасына психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, магистр Әлия Утеуова жетекшілік етті.

Жеңімпаз студенттерді жетістігімен құттықтаймыз!