Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өңірдегі ғылымды дамыту бойынша бірлескен жобалар талқыланды

Өңірдегі ғылымды дамыту бойынша бірлескен жобалар талқыланды

Жұбанов университеті ақпан айында өңірдегі ғылымды дамыту бойынша Ақтөбе облысындағы өндіріс мекемелерінің басшыларымен жасалған меморандум негізінде  бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру жолдарын қолға алуда.

Бүгін университет өкілдері Ақтөбе хром қосындылары зауытының басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Фаргат Арслановпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар серіктестікті нығайту жолында бірлескен жобаларды қолға алу мәселелерін талқылады. Соның ішінде, ғылыми жобаларды коммерцияландыру гранттарына бірлесіп өтінім беру,  шаруашылық келесімшарт аясында өндіріске қызмет көрсету, магистранттар мен докторанттардың қолданбалы зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік туғызу тағы да басқа мәселелер  талқыланды.