Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарих пен тағылым

Тарих пен тағылым

Бүгін Жұбанов университетінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: тарихы мен тағылымы» тақырыбында конференция өтті.

Жиынға өңірдің тарихшы ғалымдары, мектеп мұғалімдері, профессор-оқытушылар қатысты.

Конференция барысында тарихшылар деректер мысалында қазақ байларын тәркілеу зардаптары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процесінің тарихы, НКВД ГУЛАГ жүйесіндегі Ақтөбе еңбекпен түзеу лагері, Түркістан аймағының тарихын зерттеуде кездесетін қиындықтар тағы да басқа мәселелер бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.

Жиналғандар спикерлерге сұрақтар қойып, өңірлік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары бойынша мәселелер талқыланды.

Конференция соңында қатысушы тарих пәнінің 50 мұғаліміне сертификаттар табысталды.