Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Білім > Университеттің білім бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өткізілуде

Университеттің білім бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өткізілуде

Жұбанов университетінде Қазақстан Республикасының Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) бірқатар білім бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу жүргізуде. Аккредиттеу рәсімі 19-21 маусым аралығында аралас форматта (онлайн және офлайн) өтеді.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

6B01507-Химия-Биология;

7M01504-Химия;

7M01506-География;

8D02201-Тарих;

6B02301-Цифрлық лингвистика;

7М01405-Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау;

7М02302-Аударма ісі.

Аталған рәсімді агенттік тарапынан тартылған отандық және шетелдік сарапшылар тобы жүзеге асырады.

Топ жетекшілері: Абдиманапов Бахадурхан Шарипович (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.), Кипшаков Султанмахмут Аккаевич (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды) IQAA координаторлары: Джигитчеева Карлыгаш Мухараденеовна (IQAA, ЖОО мен ҒЗИ аккредиттеу бөлімінң басшысы), Тусупбекова Эльмира Курманбаевна (IQAA, ЖОО мен ҒЗИ аккредиттеу бөлімінің аға координаторы).

Сарапшылар: Ерошенко Василий Иванович (Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті, Мәскеу қ., РФ), Горожанов Алексей Иванович (Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті, Мәскеу қ., РФ), Ибадуллаева Салтанат (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті), Каженова Гульнар Толегеновна (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Жұмаділ Арман Қабдешұлы (Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты), Худиева Севда Рамизовна (Торайғыров университеті).

Сарапшы-жұмыс берушілер: Есенғұл Сәтбек Аманбайұлы (Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты), Уалиева Венера Отарбаевна  (Ақтөбе гуманитарлық колледжі). Сарапшы-студенттер: Әкімбек Жәнібек Алтынбекұлы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Кусаинова Аида Азатовна (І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті).

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.