Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымдарының жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды

Университет ғалымдарының жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды

«Математика» кафедрасының профессорлары Жайшылық Сартабанов пен Асқарбек Иманчиев және «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессоры Бауыржан Келамановтың ғылыми жобалары 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы бойынша ҰҒК шешімімен гранттық қаржыландыруға ие болды.

Жайшылық Сартабановтың «Диагональ бойынша дифференциалдау операторлы жүйелердегі тербелістерді зерттеудегі периодты характеристикалар әдісі» тақырыбындағы жобасының мақсаты – дифференциалдау операторының жалпыланған мағынада дифференциалданатын периодты характеристикасын құру негізінде зерттеу әдісін жасақтау.

Асқарбек Иманчиевтің «Айнымалылардың бір бөлігі бойынша периодты және көпнүктелі шарттарда дербес туындылы теңдеулер жүйесінің кең мағынадағы шешімдері» тақырыбындағы жобасының мақсаты – айнымалылардың бір бөлігі бойынша периодты және көпнүктелі шарттарда бірінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйелерінің кең мағынадағы шешімдерін зерттеудің конструктивті әдістерін әзірлеу және олар үшін қойылған шеттік есептердің шешімдерінің жуық және сандық әдістерін тұрғызу.

Бауыржан Келамановтың «Қазақстанның жарамсыз никель кендерінен құрамында никель бар қорытпаларды балқыту технологиясын әзірлеу және зерттеу» тақырыбындағы жобасының мақсаты – Қазақстанның жарамсыз никель кендерін металлургиялық қайта өңдеуге тарту арқылы құрамында никелі бар қорытпаны балқытудың ресурс үнемдеуші технологиясын әзірлеу.

Ғалымдарымызды құттықтаймыз!