Бағдарлама аясында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 2023-2024 оқу жылына бөлінген грант саны — 20. Мамандықты талапкердің өзі таңдайды, мамандықтар бойынша шектеу жоқ. Грант екінші жоғары білім алуға берілмейді.
Грант бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың барлық кезеңін қамтиды. Оқу құны бойынша шектеме әр студентке 1 млн теңгеге дейін құрайды, егер студенттің жылдық оқу құны осы сомадан жоғары болса, онда айырмашылықты студенттің өзі төлейді.
Грант иегерлеріне жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) 40 000 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді. Қор бөлетін гранттар – өтеусіз, қайтарымсыз көмек, грант иеленушінің оқу аяқталғаннан кейін Қор алдында міндеттемелері болмайды.
Толық ақпарат qazaqstanhalqyna.kz сайтынан немесе төменде көрсетілген байланыс номеріне хабарласып білсеңіз болады.
ОВПО гранты 2023-2024 циф
Программа Гранты ОФКХ
Perechen_OVPO_i_blagotvoritelnix_organizacii_2023-2024_ru
Образовательные гранты общественного фонда «Қазақстан халқына»