Среда, Май 8, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаратылыстану факультетінде педагог-мамандарды үштілділікке дайындау қарқын алуда

Жаратылыстану факультетінде педагог-мамандарды үштілділікке дайындау қарқын алуда

Қазіргі таңда елімізде тіл мəселесіне көп мəн беріледі. Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Осы орайда оқу – әдістемелік кеңестің жоспарында бекітілген университетішілік семинардың жоспарына сай Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл саясаты негізінде болашақ педагог мамандарды дайындаудың  әдістемесі» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Назарбаев университетінің Білім беру мен кәсіби бағдарламалар департаментінің басшысы  Л.Карабасова, қала және аудан мектептерінің мұғалімдері,  университетіміздің профессор – оқытушылары қатысты. Семинар барысында «Биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытудың теориясы мен әдістемесі» арнайы оқу аудиториясы ашылды. Сонымен бірге, факультетіміздің профессор-оқытушылары үш тілде шеберлік сабақтарын өткізді: Биология кафедрасының оқытушысы Р.Н.Кузембаев ағылшын тілінде  «Levels of organizationof life», Химия және химиялық технология кафедрасының доценттері К.К.Алмуратова ағылшын тілінде «The complex compounds», Б.Б.Досанова қазақ тобына орыс тілінде «Ақуыздар», Экология кафедрасының оқытушысы С.М.Тажекенова орыс тобына қазақ тілінде «Биосфера – тіршілік қабаты», Б.Б.Саримбаева қазақ тобына орыс тілінде «Эмбриональное развитие».

Семинар соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, семинардың жабылуында талқылау болып, талқылау барысында шеберлік сабақтардың жоғары дәрежеде өткізілгендігі, студенттердің үш тілді еркін меңгергендігі, семинар өз мақсатына жеткендігі айтылды және мектеп мұғалімдері тарапынан жақсы ұсыныстар айтылды.