Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов студенттері Әлем чемпионатында топ жарды

Жұбанов студенттері Әлем чемпионатында топ жарды

Өткен апта Жұбанов университеті үшін жемісті болды. Университетіміздің студенттері Алишер Смайлов пен Гүлдана Амангелді Әлем Чемпионатында 1-орынға ие болды.

Атап айтқанда, Қарағанды қаласында өткен Nomad MMA бойынша Әлем Чемпионатында Алишер Смайлов жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл чемпионатқа 20 елден 874 қатысушы қатысқан. Әлішер университетіміздің техникалық факультетінің «Тау-кен ісі» білім бағдарламасының 2-курс студенті.

Ал қазан айының 26-30 аралығында Тбилиси (Грузия) қаласында әйелдер арасында Унифайт (лайт контакт) бойынша өткен Әлем Чемпионатында Гүлдана Амангелді  1-орынға ие болды. Әлем чемпионы атанған студентіміз 57 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол бұған дейін Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдерінде өткен чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болды. Гүлдана Кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім  бағдарламасының 4-курс студенті.

Көк байрағымызды желбіретіп, әлемдік дода жеңіске жеткен спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!