Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің үш ғалымы қауымдастырылған профессор атанды

Университеттің үш ғалымы қауымдастырылған профессор атанды

Жұбанов университеті үшін бүгінгі күн қуанышты жаңалықтарға толы болды. Оқу орнының үш бірдей ғалымына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор(доцент) ғылыми атағы берілді.

Атап айтсақ, техника ғылымдарының кандидаты, «Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының доценті Мұрат Қуанышевке «Машина жасау» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілсе, теххника ғылымдарының кандидаты, «Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі Баян Алматова  «Қоршаған ортаны қорғау инженері» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды.

Кәсіби-шығармашылық факультетінің «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының аға оқытушысы Әли Ермекбаев «Өнер» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) атанды.

Ғалымдарымызды жоғары ғылыми атағымен құттықтап, ғылыми және шығармашылық қызмет жолында табыс тілейміз!