Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттермен бір толқында

Студенттермен бір толқында

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің профессор-оқытушылары студенттерді мерекемен ерекше форматта құттықтады. Мерекелік іс-шарада оқытушылар заманауи әндерді орындап, трендтегі билерді билеп, жастармен бір толқында екенін көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, студенттерді терең түсіну үшін тек сабақ барысында ғана емес, қоғамдық шаралар кезінде белсенді қарым-қатынастарды нығайту маңызды.

Кешке жиналған жастар жағымды эмоция сыйлағаны үшін ұстаздарына алғысын білдірді.