Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ректор қабылдауы

Ректор қабылдауы

Бүгін университетіміздің тарих факультетінің оқытушылары Асылбек Мәден мен Жанар Мустафина ректор қабылдауында болды.

Кездесуде оқытушылардың ғылыммен айналысу мүмкіндіктерін кеңейту, жас мамандардың карьерасын дамыту және жаңа ғылыми зерттеу орталықтарын ашу жоспары талқыланды. Сонымен қатар оқытушылар өткен жылы енгізілген “оқытушы-зерттеуші” позициясының нәтижесі мен оқытушыларға арналған ағылшын тілінің тиімділігі жөнінде айтты.

Еске сала кетейік, ректор қабылдауына алдын-ала жазылып, ұсыныстарыңызды жеткізсеңіздер болады.