Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер «Air Astana» әуекомпаниясына жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты

Студенттер «Air Astana» әуекомпаниясына жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты

Бүгін Жұбанов университетінің студенттері «Air Astana» әуекомпаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында студенттер «Air Astana» әуекомпаниясы туралы, компанияға жұмысқа орналасу талаптары, қалай ұшқыш болуға болады деген сұрақтарына жауап алды.
«Air Astana» әуекомпаниясының екінші ұшқышы Жандос Құсайын компанияның әрбір қызметкеріне берілетін мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы айтты.

— Біздің мақсатымыз – қазақстандық азаматтар арасынан ұшқыштарды тәрбиелеу және жастарды жұмыспен қамту. Бағдарламаға 18-34 жас аралығындағы қазақстандық азаматтар қатыса алады. Басты талап — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген болуы қажет. Қызығушылық танытқан жастар бос орындар мен талаптар туралы job.airastana.com сайтында таныса алады. Өтінішті де сол сайт арқылы қалдырады, — деді әуекомпанияның екінші ұшқышы.

Компанияның кадрларды іріктеу бойынша жетекші маманы Феруза Махаметова «Air Astana» әуекомпаниясында тек ұшқыштар, инженерлер, борт жолсеріктері ғана жұмыс жасамайтынын, ІТ, қаржы, менеджмент, маркетинг және тағы басқа салалар бойынша түрлі департаменттер бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, әуекомпаниясында қазіргі таңда 6 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.