Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқуға қайта қабылданатын немесе ауысатын білім алушылар үшін өту емтиханына тіркелу басталды

Оқуға қайта қабылданатын немесе ауысатын білім алушылар үшін өту емтиханына тіркелу басталды

Шетелдік ЖОО-дан немесе Қазақстандық ЖОО-дан ҰБТ сертификаты болмаған жағдайда қайта қабылданатын немесе ауысатын бакалавриат (бірінші жоғары білім 4 жылдық) бойынша білім алушыларға өту емтиханына тіркелу бүгіннен басталғанын хабарлаймыз. Тіркелу уақыты 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

Өтініш жеке куәліктің көшірмесімен бірге Студенттерге қызмет көрсету орталығында қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін көрсетілген байланыс нөмерлеріне хабарлассаңыз болады: + 7 (7132) 56 28 96; +7 708 471 65 48