Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > Жаңалықтар > Зорлық-зомбылықты болдырмау жүйелі іске асырылуы керек

Зорлық-зомбылықты болдырмау жүйелі іске асырылуы керек

Бүгін Жұбанов университетінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында Денсаулық және салауаттылық орталығының ұйымдастыруымен «Агрессор мен жәбірленушінің психологиялық портреті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Еркін Шүкірова, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, Денсаулық және салауаттылық орталығының психолог мамандары қатысты.

Облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Еркін Шүкірова агрессивті мінез-құлықтың туындау себептеріне тоқталды. Оның айтуынша әр адамның тәрбиесіне, ерекшеліктеріне байланысты психологиялық күйзеліс, жастардың отбасылық жауапкершілікке дайын болмауы, әртүрлі мәселелер агрессивті мінез-құлықты тудырады. Сондықтан зорлық-зомбылықтың алдын алу, қатігездікке жол бермеу жүйелі іске асырылуы керек дейді Еркін Шүкірова.

Жиында Денсаулық және салауаттылық орталығының психолог мамандары профессор-оқытушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша тренингтер өткізді.