Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Жұбанов университетімен танысты

Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Жұбанов университетімен танысты

Бүгін университет басшылығы Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Кестутис Янкаускас және баспасөз хатшысы Айдана Сариевамен кездесті. Кездесу барысында екі тарап ынтымақтастық перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.

Университет ректоры Лаура Қарабасова Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде Еуропалық одақпен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Кестутис Янкаускас университетке келудегі басты мақсат – оқу орнымен танысып, білім және ғылым саласындағы бағдарламаларды бірлесе жүзеге асыруды талқылау екенін айтты. Білім және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламалары, Эразмус бағдарламасы аясында серіктестікті кеңейту, гранттық қаржыландыруға ие ғылыми бағдарламалар, студенттер мен академиялық алмасу мәселелеріне кеңінен тоқталды.