Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жемқорлыққа қарсы күресте бірлік маңызды

Жемқорлыққа қарсы күресте бірлік маңызды

9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Жұбанов университетінде «Саналы ұрпақ: өзгерістер толқынында» тақырыбында форум өтті.

Форумда спикерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметінің басшысы Дархан Мүсіров, экономика және құқық факультетінің деканы Бағдагүл Таскарина және «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ақылбек Нурлин жастарға антижемқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағыт-бағдар беріп, еліміздің заң саласындағы соңғы өзгерістер мен жаңалықтарды студенттермен бірге ашық алаңда талқылады.

«Саналы-Ұрпақ» облыстық фронт-офисінің белсенді студенттері «Антикорлайф» аясында атқарылған шараларға тоқталды. Ұйым белсенділері жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бірлесе қалыптастыруға, Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін адал қызмет етуге шақырды.