Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер ескірген кітаптарға екінші өмір сыйлады

Студенттер ескірген кітаптарға екінші өмір сыйлады

Жұбанов университетінің кітапхана ұжымы студенттер арасында «Оқулықтың екінші өмірі» шығармашылық байқауын өткізді.

Кітапхана директоры Еркін Тастанқұловтың айтуынша, байқаудың мақсаты -студенттерге инсталляциялар арқылы шығармашылық және мәдени жобалар құру үшін ескірген оқу әдебиеттерді пайдалануға мүмкіндік беру және сол арқылы кітаптарға екінші өмір сыйлау.

Қатысушыларға оқу ғимараттарының кітапханаларында инсталляция жинау үшін арнайы орын берілді. Сонымен қатар оларға ескірген 400 оқу басылымдарына қол жеткізуге мүмкіндік жасалды. Жобаларын жасау барысында студенттер таңдаған тақырыбына сай кітаптарды қалауы бойынша пайдалана алды.

Бүгін байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталды. Жүлдегерлерге сертификаттар мен университет мерчтері табысталды.

Бірінші орынды «Қыл көпір» инсталляциясы бойынша шетел тілі командасы, екінші орынды «Вавилон мұнарасы» жобасымен 109 fam, үшінші орынды Құдайберген Жұбанов және «Өз орныңды тап» идеясының авторлары Алаш ұрпағы командасы иеленді.
— Мән мағынасы терең, ой саларлықтай жоба жасауға тырыстық. Қыл көпір – адамдардың сана биігінде тоғысуы. Адамның кітап оқудан алған білімі өмір бойына азық болады. Осы көпірден құламай, кітап оқып, біліміңді арттыр, уақытыңды тиімді өткіз деген идеяны жеткіздік, — дейді бірінші орынды иеленген шетел тілі командасы.