Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлттық-рухани құндылықтарды трансформациялау мәселелері талқыланды

Ұлттық-рухани құндылықтарды трансформациялау мәселелері талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде «Ұлттық-рухани құндылықтарды трансформациялау және коммерцияландыру жолдары» тақырыбында республикалық вебинар өтті.

Вебинар онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Ғылыми жиынға Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және мәтінтану» орталығының директоры Жұмабай Рақыш, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының доценті Мира Балтымова және Жұбанов университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылары мен білім алушылар қатысты.

Вебинар барысында рухани құндылықтардың өзектілігі, оны игерудің заманауи форматы мен тәсілдері, коммерциялаудың тиімділігі талқыланды. Ғалымдар ұлттық-рухани құндылықтарды таныту үшін қазіргі заманға бейімделген жаңа форматын іздестіру және оларды коммерцияландыру маңызды екенін айтты.

Сондай-ақ, спикерлер «Әдебиет пен өнер әлеміндегі цифрлық дәуір: трендтер, мүмкіндіктер және коммерцияландыру стратегиялары», «Аниме және мистика: ғылыми коммерцияландыру жолындағы фольклорлық мұра», «Әдеби туындыларды коммерцияландыру: идеядан іске асыруға дейін», «Қазақстандағы әдеби кеңістікті коммерцияландыру процесінің басталуы», «Цифрлық қоғамдағы постфольклордың даму бағыты» тағы да басқа тақырыптарда мазмұнды баяндамалар жасады.