Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет

Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ Ювеналдық полиция қызметкерлері Жұбанов университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде лудомания, буллинг, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

№1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, майор Сержан Жайлаубаев қылмыс пен құқықбұзушылық көбіне түнгі мезгілде орын алатынын айтты. Сондай-ақ беймезгіл уақытта ойын-сауық орталықтарында, қала көшелерінде себепсіз жүрмеуге шақырды. Жастар арасындағы жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін жан-жақты құқықтық тәрбие беру маңызды екенін атап өтті.

Жиында студенттер полиция қызметкеріне көкейде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.