Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің үш оқытушысы үздік атанды

Жұбанов университетінің үш оқытушысы үздік атанды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2023» байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Еліміздегі жоғары оқу орындарының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар қатарында Жұбанов университетінің үш оқытушысы бар. Атап айтар болсақ, физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика кафедрасының доценті Асқарбек Иманчиев, оқытушы-зерттеуші, PhD, математика кафедрасының аға оқытушы Захира Нугаева және қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, PhD Айнұр Кушкимбаева.
Байқау жыл сайын оқытушылардың беделін арттыру және кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізіліп келеді. Жеңімпаздарға 2000 АЕК көлемінде сыйақы және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төсбелгісі беріледі.
Айта кетейік, байқау ҚР ҒЖБМ ақпараттық жүйесі базасында өтті, ол арқылы қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын байқай алды.
Жеңімпаз оқытушыларымызды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!