Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет спортшылары жоғары марапатқа ие болды

Университет спортшылары жоғары марапатқа ие болды

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультеті «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары ҚР Туризм және спорт министрлігінің төсбелгілерімен марапатталды.

Атап айтсақ, ардагер ұстаз, аға оқытушы Борис Романюкке «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, аға оқытушы Мұса Асан және педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сейіткерей Мұхтаровқа «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі берілді.

Сондай-ақ, «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері Диас Жанбау және Дәулет Төлемісов облыс әкімі Асхат Шахаровтың алғыс хатымен марапатталып, «Үздік спортшы» атағына ие болды.

Оқытушыларымыз мен студенттерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!