Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет серіктестік аясын кеңейтті

Университет серіктестік аясын кеңейтті

Бүгін Жұбанов университеті мен Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында екіжақты әріптестік қарым-қатынасты орнату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Университет ректоры Лаура Қарабасова оқу орнының негізгі бағыты және оң өзгерістері туралы айтты.

Өз кезегінде Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының м.а. Ерден Жұма мекемеге білікті кадрларды тарту және алдын ала дайындау мақсатында меморандум аясында бірлескен жұмыстарды бастауға дайын екенін жеткізді.

Жиын соңында тараптар алдағы уақытта білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадрлар даярлау бағытындағы жүзеге асатын іс-шараларды нақтылады.