Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің студенттері Жас суретшілер байқауында топ жарды

Жұбанов университетінің студенттері Жас суретшілер байқауында топ жарды

Ақтөбе қаласының 155 жылдығы және әйгілі суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай өткен Жас суретшілер байқауына Жұбанов университетінің студенттері қатысып, жүлделі номинацияларды иеленді.

Байқау «Ақтөбе-алтын бесігім», «Бояулар құпиясы», «Сүйікті кітабымның иллюстрациясы» номинациялары бойынша бағаланды. «Ақтөбе – алтын бесігім» номинациясы бойынша «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» мамандығының 2 курс студенті Ақжан Нұрышева, «Бояулар құпиясы» номинациясы бойынша «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» мамандығының 1 курс студенті Адина Иманқұлова, «Сүйікті қаламның иллюстациясы» номинациясы бойынша «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» мамандығының 4 курс студенті Ырысжан Қайшан жеңімпаз атанды.

Жас суретшілердің шығармашылық қырларын ашып, дарынды жастарға қолдау таныту мақсатында ұйымдастырылған сайыста жалпы талантты 40 жас бақ сынады.