Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жошы ұлысының 800 жылдығы: тарихшылар тың деректермен бөлісті

Жошы ұлысының 800 жылдығы: тарихшылар тың деректермен бөлісті

Жұбанов университетінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Ұлық ұлыс және Қазақ хандығы тарихи үдерістердің ықпалдастығы аясында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Рахым Бекназаров Жошы ұлысының 800 жылдық тарихын атап өту аясында ұлттық құндылықтарымызды түгендеуге үлкен мүмкіндіктер туып отырғанын,  тарихты сараптауда зерттеулер аса маңызды екенін атап өтті.

Жиында тарихшы ғалымдар Жошы ұлысының қазақ тарихындағы маңызы мен қалыптасу кезеңі, мәдени мұрасына қатысты тарихи зерттеулерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Атап айтсақ, Қазақ мәдени ғылыми-зерттеу институтының директоры Қанат Өскенбай «Шығыс Дешті және Қыпшақтағы Жошы жорықтарының географиясы», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Ұлжан Ахметова «Жошы Ұлыстық Сарайшықтағы ғылыми-зерттеулер нәтижелері», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Нұрлан Атығаев «Қазақ хандығы тарихы: дереккөздердің аудармаларындағы кейбір мәселелер», Жұбанов университетінің профессоры Гүлбану Избасарова «Ресей империясының қызметіндегі Жошы ұрпактары», ҚР ҒжЖБМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері Арман Бисембаев «Батыс Қазақстанның Алтын Орда кезеңінің археологиялық ескерткіштері» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.