Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық білім көрмесінде Zhubanov university таныстырылды

Халықаралық білім көрмесінде Zhubanov university таныстырылды

Жұбанов университетінің Мансап және кәсіби бағдар беру департаментінің директоры Әміре Жұмағазиев және Heriot-Watt халықаралық филиалының жоба көшбасшысы Ғалымжан Төлеушов Қырғызстанда өткен Еуразиялық білім берудің халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрмеге Ресей, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің 50-ден аса жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері жиналды.

Іс-шара кезінде Жұбанов университеті өкілдері оқу орнының білім беру бағдарламалары, қабылдау және оқу шарттары, жұмысқа орналастыру, тағылымдамадан өту перспективалары туралы ақпараттармен бөлісті.
Олардың айтуынша, көптеген қатысушылар, оның ішінде, қырғыз оқушылары Heriot-Watt филиалына қызығушылық танытқан.

Айта кетейік, «Еуразиялық білім көрмесі» – заманауи білім берудің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша үздіксіз және заманауи технологиялар мен іргелі стандарттарды біріктіретін платформаларда онлайн, офлайн форматта жұмыс істейтін кешенді шара.