Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ерболат Дүзмағамбетовті еске алуға арналған турнир өтті

Ерболат Дүзмағамбетовті еске алуға арналған турнир өтті

14 сәуір күні Қандыағаш қаласында Волейболдан ардагерлер арасында турнир өтті. Аталған турнир Жұбанов университетінің академиялық сапаны арттыру департаментінің директоры қызметін атқарған Ерболат Дүзмағамбетовті еске алуға арналды.

Турнирге Ақтөбе қаласы және Темір, Мұғалжар, Ойыл аудандарынан ардагер спортшылар қатысты.

Жарыс жеңімпаздарына туыстары және Жұбанов университеті атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар, ректордың алғыс хаттары табыс етілді.