Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Құттықтаулар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі (БСҚА) тарапынан жүргізілген Қазақстанның 2017 жылғы үздік ЖОО рейтингіне қатысты.

Қазақстанның 2017 жылғы үздік ЖОО ұлттық рейтингіне барлығы 61 жоғары оқу орны қатысқан болатын. Алайда 2017 жылғы үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингіне академиялық қызметі бойынша максималдық балл санының 30 %-ын жинаған небары 57 жоғары оқу орны ғана енді. Ал бағдарламалық рейтингке 279 мамандық бойынша 45 жоғары оқу орны қатысты.

Жоғары оқу орындарын ранжирлеу әдіснамасына олардың академиялық қызметін жан-жақты бағалау үшін үш бағалау тәсілі қолданылды. Бірінші баға ЖОО қызметінің білім беру және ғылыми-зерттеу параметрлерімен анықталса, екіншісі – репутациялық бағалау, яғни академиялық және ғылыми қауымдастық өкілдерінің пікірлері, үшінші баға – жұмыс берушілер арасындағы репутациялық беделін көрсетеді.

Білім беру бағдарламаларының рейтингінде келесі параметрлер ескерілді: студенттер контингенті мен оқыту нәтижелері, ББ бойынша академиялық кадрлар, кафедра, факультет бойынша ғылыми-зерттеу, инновациялық жұмыстар, білім беру бағдарламаларының халықаралық әріптестігі.

Жүргізілген рейтинг нәтижесінде Қазақстан көшбасшы ББ-ларының үштігіне университетіміздің келесі мамандықтары енді: 5В010300-Педагогика және психология, 5В011100-Информатика.

Үздік білім беру бағдарламаларының бестігіне келесі мамандықтар енді: 5В011300-Биология, 5В011400-Тарих, 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 5В020300-Тарих, 5В060400-Физика, 5В070900-Металлургия, 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 6М020500-Филология, 6М020300-Тарих.

Жүлделі орындарға ие болған мамандықтар ұжымын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

 Ақпарат көздері: Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігінің (БСҚА) ресми сайты http://nkaoko.kz/.