Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жаңалықтар > Бүгін мектеп бітірушілер Жұбанов университетінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалды

Бүгін мектеп бітірушілер Жұбанов университетінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалды

Бүгін Жұбанов университетінің Кәсіби бағдар беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбеге қаласындағы №8, 59, 67, 60, 50, 58 және Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп интернатынан 300-ге жуық мектеп бітірушілер Студенттер сарайында бас қосты.

Басқосуда университеттің «Математика» кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Асқарбек Иманчиев мектеп бітіруші түлектерге «Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін мәтіндік есептерді шешудің тиімді әдістері» тақырыбында дайындық сабағын өткізді.

Аталмыш шараның мақсаты — талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуде қиындық туғызатын мәтіндік есептерді шешудің тиімді әдістерін көрсету.

Асқарбек Ермекұлы өз іс-тәжірибесінде мәтіндік есептерді шығаруға байланысты әдістерін таныстырып,  түрлі функциялармен шығарылатын есептердің жолдарын түсіндірді.

Сондай-ақ, Асқарбек Ермекұлы дайындық сабағында оқушыларды ҰБТ-ны сапалы және нәтижелі тапсыруға дайындау бағдарламасының міндеттері және дайындаудағы жұмыс жүйесінің негізгі кезеңдеріне тоқтала отырып, математика пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуде дайындық кезінде жиі қиындық туғызатын мәселелердің шешу жолдары жөнінде баяндады.