Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > Полиция подполковнигі мансап жетістіктерімен бөлісті

Полиция подполковнигі мансап жетістіктерімен бөлісті

Бүгін  «Табысты адамдармен кездесу» аясында «орыс тілі мен әдебиеті», «орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» және «орыс филологиясы» мамандығының 1 курс студенттері Ақтөбе облысы ІІД қылмыстық полиция бөлімінің басшысы Амандыков Бауыржан Кәрібаевичпен кездесті.

Кездесу барысында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ филология факультетінің түлегі «Жетістік факторлары» тақырыбында дәріс оқып, студенттік өмірінің қызықтары, табысты карьера жасаудың сырлары туралы әңгімеледі. Мазмұнды дәріс, студенттік өмірі туралы деректер, мұғалім қызметін атқарған жылдардағы оқиғалар, бүгінгі күнгі қылмыстық полициядағы қызметі туралы әңгімесі студенттердің қызығушылығын оятты, олар сұрақтар қойып кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.