Воскресенье, Октябрь 2, 2022
Басты > Жаңалықтар > Орталық Азия тарихына арналған халықаралық семинарды француз ғалымы өткізуде

Орталық Азия тарихына арналған халықаралық семинарды француз ғалымы өткізуде

Бүгін Жұбанов университетінде «Жібек жолынан мұнай құбырларына дейін: үздіксіз қозғалыс Орталық Азияның экономикалық дамуының негізі ретінде» атты халықаралық семинар жұмысы басталды. Семинарды Бішкек қаласындағы Орталық Азияны зерттеу Франция Институтының директоры, Париж қаласындағы INALCO Шығыс тілдері және өркениеті Ұлттық институтының профессоры Катрин Пужоль өткізуде.

Сорбонна-Қазақстан Иснтитуты жобасының басшысы Катрин Пужоль Орталық Азия тарихы мен өркениеті туралы 125 мақала авторы. Сондай-ақ оның Франция жерінде көпшілік оқырманға арналған «Қазақстан» кітабы 2000 жылы жарыққа шығып, жапон тіліне де аударылған.

Семинарға шетел тілдері факультетінің оқытушылары қатысуда. «Алдағы уақытта біз осы Франция институтымен тығыз қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта мұндай семинарлар барлық факультеттердің оқытушылары арасында өткізілетін болады», — деп есептейді «Халықаралық ынтымақтастық орталығының» директоры Гүлжан Шоқым.

Үш күндік семинар аяқталған соң  қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Ажар КУНАРОВА