Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жастар саясаты (Страница 37)

Дипломдық жобалар байқауындағы алғашқы жүлде

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) Халықаралық білім беру корпорациясы ұйымдастырған байқауда мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, өнертану профессоры, Қазақстан Республикасының СО мүшесі Марзия Жұмашқызы Жақсығаринаның шәкірті жүлделі 3 орын иеленді. «Дизайн» - мамандығының биылғы түлегі Аманжолова Екатерина  «Графикалық дизайн» номинациясында өнердегі бағын сынады. Бұл дипломдық жобалар байқауындағы алғашқы жүлде. Байқауға «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс»,

Көбірек

Шетел тілдері факультетіндегі Хэллоуин пати

Шетел тілдері факультетінде  «Nothing can stop us!» (Бізді ештеңе тоқтата алмайды!) атты клубтың ашылуы  «Хэллоуин» мерекесіне орайластырылды. Мақсат- болашақ шет тілі мамандарының халықаралық мәдениеттен хабардар болуларына мүмкіндік беру. Концерттік бағдарлама харизматикалық Джокердің Кеш иесінен мерекені ұрлауымен басталды. Бұл сценалық қойылым  көрермендердің, тіпті қазылардың да «зәресін» алды. Айнала Хэллоуиннің қорқынышты атмосферасына енді.

Көбірек

Жаратылыстану факультетінің «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» анықталды

«Келіп қапты-ау сағыныштай сары күз». Ақын жырына осылай қосқан күз мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, әсемдігі баршамызға аян. Осындай әсемдікті университетіміздің студенттері де назардан тыс қалдырмады. Күз мезгілінің көркемдігін паш ету, мол байлығын насихаттау барысында жаратылыстану факультетінің белсенді студенттері «Алтын күз» кешін ұйымдастырды. «Алтын күз» кешінде факультеттің «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» анықталды.

Көбірек

Факультетаралық пікірсайыс турнирі жеңімпаздары

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын университет студенттеріне насихаттау мақсатында өткізілген дәстүрлі факультетаралық «Ректор кубогіне» арналған пікірсайыс турниріне қатысып, танымдық ақпараттармен қаруланып зеректілік, дербестілік пен логикалық жүйелі сыншылдық танытқаны үшін тарих факультетінің 1-курс студенттері Әйгерім Байкулова мен Темірлан Снасапин жүлделі бірінші орынды иеленді. Жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз!

Көбірек

«Дельфин» бассейніне тегін жолдама

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлының қолдауымен университеттің белсенді студенттеріне «Дельфин» бассейніне тегін абонемент берілді. Аталмыш шараның мақсаты  – студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Университеттің Мәжіліс залында өткен жиынға факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен университеттің үздік студенттері қатысты.

Көбірек

Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясатының бастауымен «Ең үздік Smart кабинетінің» дизайн-жобасы бойынша байқау жарияланады. Сайысқа барлық студенттер және оқушылар шақырылады. Сайыс жеңімпазы 200 000 теңгеге ие болады. Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма! Барлық жобалар 3D және CORELDRAW  форматында қабылданады. Жоба 19 қарашаға дейін қабылданады. Жобалар қорғау –  20 қараша. Барлық сұрақтар бойынша:

Көбірек

Техникалық факультет студенттерінің интеллектуалдық ойыны

30 қазан Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ техникалық факультетінің "Мұнай-газ ісі" кафедрасында ARSU SPE SC қоғамдастық ұйымының ұйымдастыруымен 1-ші курс студенттері арасында интелектуалды ойын өтті. Ойын 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде студенттер алдын-ала мұнай-газ саласы бойынша берілген тақырыптарға ағылшын тілінде презентация қорғады: - History of Kazakhstan oil industry (Кикембаева Аружан, Жауынбаева Жазира), -Natural gas (Нұркен Жақсығалиев,

Көбірек

Университет студентінің жеңісі

Университеттің «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті Ақбота Тәжімағанбетова   биылғы оқу жылын үлкен табыстармен бастады. Атап айтар болсақ, Ырғыз ауданында өткен XXI «Аймақты әнмен тербетіп....» атты өнер сайысында  эстрадалық ән жанры бойынша II-орынды иеленсе,  ашық аймақтық мәдени-білім беру жобасы  «Жұбанов кездесулері»  атты конкурста  I-орын иеленіп, лауреат атанды. Сондай-ақ, «Әуелейді Шәмші әні» облыстық

Көбірек

Біздің студент – 2017 жылдың үздік студенті

2017 жылдың 26 қазанында Алматы қаласында «2017 жылдың үздік студенттері» байқауының жеңімпаздарына арналған «Таланттар жәрмеңкесі» гала-шара өткен болатын. Сол шарада Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің «Математика» мамандығы бойынша Али Азамат «2017 жылдың үздік студенті» атағына ие болды. Байқау екі кезеңде өтті: бірінші кезең - сауалнама, екінші кезең - эссе. Байқаудың қорытындысы бойынша 2000

Көбірек