Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы (Страница 43)

Тарихтағы ақтаңдақтар әлі ашылған жоқ

Өткен жұма күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың төрағалығымен ұйымдастырылған басқосуда бірқатар мәселелер қаралды. Аталған шараға өңірлік комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ облыстық полиция департаменті, мемлекеттік архив, тарихи-өлкетану музейінің өкілдері қатысты. Қазіргі таңда жұмыс тобының мүшелері барлығы 9 бағыт

Көбірек

Бақыт Басығараевқа арналған кабинет ашылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде күйші, композитор Бақыт Басығараевқа арналған кабинет ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова бастаған мәдениет саласының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, күйшінің ұрпақтары қатысты. Шарада алдымен университеттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Нұржан Бердібаев сөз сөйлеп, күйшіге арнап кабинеттің ашылуы оған деген құрметтің белгісі

Көбірек

Жаңа кабинет ашылды

Құдайберген Жұбанов атындағы университетте белгілі күйші Бақыт Басығараев атындағы кабинет ашылды. Шараға университет басшылығы, оқытушылар, студенттер, зиялы қауым өкілдері мен марқұмның туыстары қатысты. Кабинеттің лентасын баласы Ерсайын Бақытұлы қиды. Шарада Қазанғаптың күйлері орындалып, облыстық айтыстардың жеңімпазы арнау айтты.

Көбірек

Білім саласын дамыту мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар —  ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелерді талқылау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде кездесу өтті. Іс-шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров, басқарма төрағасы-ректордың кеңесшісі Константин Цхай,

Көбірек

Нұрқанат Әжіқанов бірінші ТМД елдері ойындарының чемпионы болды

  Нұрқанат Әжіқанов ТМД елдері ойындарының чемпионы атанды. Каратэшіні жақындары әуежайдан күтіп алып, сый - құрметін көрсетті. Токио Олимпиадасында жақсы өнер көрсеткен Нұрқанат бабында екенін дәлелдеп, 10 мемлекеттің үздіктері бас қосқан жарыста алтын медальді жеңді. 75 келіде татамиге шыққан спортшымыз үш кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдықпен ұтты.

Көбірек

34 жастағы «Болашақ» түлегі Қазақстандағы ең жас ректор атанды

Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаңа ректоры болып 34 жастағы Лаура Қарабасова тағайындалды. Су жаңа басшы республика бойынша ең жас ректорлардың тізіміне енді деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұған дейін ректордың міндетін университет проректоры Рахым Бекназаров атқарған. Салтанатты шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Көбірек

Қазақстанда ең жас ЖОО ректоры тағайындалды

Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаңа ректоры болып 34 жастағы Лаура Қарабасова тағайындалды. Су жаңа басшы республика бойынша ең жас ректорлардың тізіміне енді. Бұл туралы университеттің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұған дейін ректордың міндетін университет проректоры Рахым Бекназаров атқарған. Салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен

Көбірек