Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > admin (Страница 73)

Рухани жаңғыру аясында жас мамандармен кездесу

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 2017 жылдың 7 қыркүйек күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков университетке жұмысқа қабылданған жас мамандармен кездесу өткізді. Кездесуге жас мамандармен қатар университет проректорлары мен факультет декандары да қатысты. Кездесу барысында Бауыржан Аманкелдіұлы: «2017-2018 жаңа оқу жылында

Көбірек

Универсиададағы жүлде

2017 жылдың  24-30 тамызы аралығында ҚХР Тайбэе қаласында өткен дүниежүзілік Универсиадада университеттің Кәсіби-шығармашылық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Кенжетаев Бағдат  ушу–саньда  спорт  түрінен  қола  медальды  иеленді. Бағдаттың бұл қола медалі сынға түсіп жатқан біздің еліміз үшін жетінші медалі болды. Бағдатты жеңісімен құттықтаймыз!

Көбірек

Гранттық қаржыландыру конкурсы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2017 жылдың 6 қыркүйек күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры Қуанышбек Шүңкеев, Ғылым және инновация жөніндегі проректор Рахым Бекназаров және ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Александра Барминаның қатысуымен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама мазмұны толық түсіндіріліп, гранттың ұсынысын толтыру әдістемесі көрсетілді. Басқосуда

Көбірек

Жұбанов университеті Кореямен байланысты нығайтпақ

2017 жылдың 5 қыркүйек күні Корея Республикасы Tongmyong университеті корей тілі орталығының директоры Соң Ши Мион Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембековтің қабылдауында болды. Сонымен бірге бұл кездесуге университеттің бірінші проректоры Қ.Шүңкеев, ректор кеңесшісі К.Цхай, Халықаралық ынтымақтастық орталығы директоры Г.Шоқым қатысты. Кездесу барысында Корея Республикасы жоғары оқу орындарымен

Көбірек

Жарқын болашақтың баспалдағы

Университеттің № 5 оқу ғимараты қаламыздың Ы. Алтынсарин көшесінде орналасқан. Ғимарат алғашында Алматы инженер-транспорттық институт филиалының іргетасы негізінде қаланған. Өткен тарихтың саналы ғұмыры бүгінгі жарқын болашақпен сабақтасып тұрғандай. Еліміздің ертеңін қалыптастыратын ұрпақ тәрбиелеуде өз еңбектерін аямаған оқу ордамыздың ұстаздарына арналғандай ғимараттың өзі қазақтың ағартушы-ұстазы Ы. Алтынсарин көшесінде. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың

Көбірек

Айдос Сарым: Жаңа әліпбиге өту – ұлттық нартәуекел

Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланып, қоғамда талқыланып жатқанына үш айдан астам уақыт өтті. Бұл ретте Елбасының мақаласында атап көрсетілген бағыттарға қатысты қоғамда ұлттық консенсус толық қалыптасты десек, латын қарпіне өту туралы мәселеде әлі де болса қобалжу бар сияқты. Осыған орай баспасөзде, Интернет пен әлеуметтік желілерде айтылған

Көбірек

Профессор орайлы ұсынысын жеткізді

Қазақ ғылымының әдебиет саласына мол мұра қосқан ғалым, парасатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Әдебиет Молдаханов бүгін университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлының қабылдауында болды. Сонымен қатар бұл кездесуге университетіміздің кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтаров та қатысты. Ардагер ұстаз Әдебиет Молдаханов әңгімелесу барысында Бауыржан Аманкелдіұлының жұмысына жеміс тілей отырып, өзінің ұсыныстарын да алға

Көбірек

Кешенді тестілеудің екінші кезеңіне құжаттар қабылдау басталды

Еліміздің жоғары оқу орындарында 1-ші тамыздан бастап кешенді тестілеуді қайта тапсыруға құжаттар қабылдау кезеңі басталды. Құжаттарды қабылдау 8 тамызға дейін жалғаспақ. Ал қайта кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі. Бұл сынақ талапкерлерге жаңадан берілген тағы бір мүмкіндік болмақ. Кешенді тестілеудің екінші мерзімінде ұлттық бірыңғай тестілеуде белгіленген шекті балды ала алмаған мектеп

Көбірек

Жұбанов университетінің 1000-ншы талапкері қабылданды

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде  мыңыншы талапкерге сертификат тапсыру рәсімі болып өтті.  Мұндай шара университет тарихында алғашқы рет өткізіліп отыр. Салтанатты шараға университет ректоры, университет проректорлары, Маркетинг орталығы, Қабылдау комисиясының ұжымы,  талапкерлер және олардың ата-аналары, туыстары қатысты. Атап айтар болсақ, 2017 жылдың шілде айының 27-сі күнгі статистикалық мәлімет бойынша университеттің

Көбірек