Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті Кореямен байланысты нығайтпақ

Жұбанов университеті Кореямен байланысты нығайтпақ

2017 жылдың 5 қыркүйек күні Корея Республикасы Tongmyong университеті корей тілі орталығының директоры Соң Ши Мион Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембековтің қабылдауында болды. Сонымен бірге бұл кездесуге университеттің бірінші проректоры Қ.Шүңкеев, ректор кеңесшісі К.Цхай, Халықаралық ынтымақтастық орталығы директоры Г.Шоқым қатысты.

Кездесу барысында Корея Республикасы жоғары оқу орындарымен біздің университетіміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту, студент алмасу, тәжірибелермен бөлісу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар университетімізде ашылғалы тұрған Технопарк орталығында студенттерге арналған корей тілі курсын ашу жоспары жайында айтылды.

Кездесу соңында университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы Кореядан келген қонаққа сый ретінде Қ.Жұбанов суреті бейнеленген кілемше мен «Парасат биігінде» энциклопедиясын сыйға тартты.