Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 73)

ҚАЗТЕСТ сертификаттары электрондық форматқа ауыстырылды

2023 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ сертификаттары ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының certificate.testcenter.kz сайты арқылы электрондық форматта беріледі. ​ҚАЗТЕСТ электрондық сертификатында алушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі, оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады. ​«Бұған дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде ғана берілетін. Енді докторантураға түсушілер,

Көбірек

Жұмыс берушілердің отандық ЖОО-дың білім сапасына деген сенімі артып келеді

ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі елдегі жоғары оқу орындарының (ЖОО) 2022 жылғы рейтингін жариялады. Зерттеуді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың айтуынша, ЖОО білім беру бағдарламалары 19 критерий бойынша

Көбірек

Білім беру бағдарламаларының рейтинг қорытындылары жария етілді

Жыл сайын Қазақстан Республикасының «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан Қазақстан ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингісі жүргізілуде. Жоғары оқу орындарының рейтингісін жасау барысында ЗТМО (зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) мәліметтері бойынша алынатын түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші мен олардың орташа еңбекақысы сарапталады, сонымен қатар оқытушылардың практикалық тәжірибесі,

Көбірек

Оқытушылар оқыту тәжірибелерін жетілдірді

Бүгін Жұбанов университетінде профессор-оқытушыларға сабақты тиімді жоспарлау арқылы оқыту мен тәжірибені жетілдіруге арналған семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тәжірибе алмасу, оқыту әдістемесінің озық тәжірибелерін талқылау. Семинарды Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Тұрсынай Көпжасарова жүргізді. Сабақ барысында қатысушылар мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту және бағалау, Smart талаптарына сәйкес бағалау арқылы сабақ мақсаттары мен критерийлерін тұжырымдау, білім

Көбірек

Бүгін — Халықаралық білім күні

2019 жылдан бастап Халықаралық білім күні әлем бойынша 24 қаңтарда атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 3 желтоқсан күнгі қарарында 24 қаңтарды Халықаралық білім күні деп жариялады. Бұған себеп ­– осы күннің татулық пен дамуға қол жеткізу барысындағы рөлін мойындау.

Көбірек

Универсиада: Президент Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада табысты өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. «Сіздердің жарқын жеңістеріңіз күллі жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйлады. Дүниежүзілік қысқы универсиадада сіздер шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігердің бірегей үлгісін көрсеттіңіздер. Байрақты бәсекеде жастарымыз ел сенімін ақтап, алтын, күміс және қола медальдарға ие болды. Спортшыларымыздың мұндай

Көбірек

Университетте ғалымға құрмет көрсетілді    

Бүгін Жұбанов университетінде еліміздің белгілі математик ғалымдары бас қосты. Олар физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті академигі Кенжеғали Кенжебаевтың 70 жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шараға қатысты. Мерейтойға орай ұйымдастырылған Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісінде ғалымды Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжанов, қала әкімі Мұрат Жөребеков, облыстық білім басқармасының өкілдері, зиялы

Көбірек

ЖОО оқу бағдарламасына онлайн сауда курсы енгізілуі мүмкін

Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасына онлайн сауда курсын енгізу жағы қаралып жатыр. Аталған деректі Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елімізде онлайн сауданы ілгерілету және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруда әріптестік бағытта жұмыс істеуге дайынбыз. Өз кезегімізде оқу, біліктілікті арттыру жағынан қол ұшын соза

Көбірек

АҚШ елшілігі мен Жұбанов университеті: ынтымақтастық перспективалары

Бүгін АҚШ елшілігінің  Мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташесі Эмбер Ора Жұбанов университетінде жұмыс сапарымен болды. Кездесу барысында Эмбер Ора еліміздегі дипломатиялық миссиясын атап өтіп, екі елдің университеттері арасындағы серіктестікті дамыту бойынша өзара білім алмасу бағдарламалары жайлы баяндады. Сонымен қатар қос тарап English Language Fellow бағдарламасы аясында серіктестікті кеңейту, профессор-оқытушылардың ғылыми зерттеулерге

Көбірек